Алматы облысында кезекті қару-жарақ сақталған орын табылды
Тергеу шаралары жүргізілуде
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
10.12.2022 16:00
1608
Алматы облысында кезекті рет қару сақталған жер табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
9 желтоқсан күні сағат 19:20 шамасында Талғар ауданының аумағында қару сақталған орын табылды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.
Тексеру барысында 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, 5.6 калибрлі қолдан жасалған мылтық, травматикалық және пневматикалық тапаншалар, Калашников автоматы мен жауынгерлік және жарық-шу гранатасы тәркіленді. Тергеу шаралары жүргізілуде.
Бөлісу:
