Жаңалықтар

Алматы облысында иттер жаппай уланып өлді

Алматы облысында иттер жаппай уланып өлді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 20.07.2023 11:35 1140

Талғар ауданында белгісіз адамдар сегіз итті улады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Иттердің иесі әрі жануарлар қорғаушысы Гүлнар Раушанованың айтуынша, барлық уланған жануардың төлқұжаттары мен чиптері болған. Улау кезінде иттердің барлығы жеке үйдің аумағында жүрген.

Сегіз ит құрысудан қайтыс болды, конвульсия болды. Бірден учаскелік полицей шақырылды. Бұл жайт полицияда тіркелді. Біз басқа иттердің өмірі үшін қорқамыз, - деді Гүлнар Раушанова.

Әйел удың тез әсер ететініне сенімді, оның сөзінше, улаушылар басқа жануарларға да зиянын тигізуі мүмкін.

Алматы облысының Полиция департаменті ҚР ҚК 316-бабының 3-бөлігі бойынша тергеуді бастады.

Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар адамдарды анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары басталды. Жануарлардың мәйіттері сараптамаға жіберілді, - деп хабарлады полиция.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға