Алматы облысында ірі өрт болды

Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
16.07.2024 15:13
828
Алматы облысының өрт сөндірушілері ірі өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Іле ауданында құрылыс қоқысы өртеніп, оның алауы жеке тұрғын үйге және салынып бітпеген ғимараттың шатырына ауысқан.
398 шаршы метр алаңдағы өрт ТЖМ қызметкерлерінің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында толықтай сөндірілді Зардап шеккендер жоқ., – делінген ТЖМ хабарламасында.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыдағы автобус апаты: екі адам ауыр халде
Келесі жаңалық
Таразда пластикалық бұйымдар шығаратын цехта өрт болды