Жаңалықтар

Алматы облысында «G4City» арнайы экономикалық аймағы құрылады

Алматы облысында «G4City» арнайы экономикалық аймағы құрылады
Фото: © ОКҚ 01.12.2023 13:12 1173

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев және Алматы қалаларының арасында «G4City» жобасын жүзеге асыру қайта қолға алынғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл бағыттағы алғашқы қадам – «G4 City» арнайы экономикалық аймағының құрылуы. Мұнда тамақ өнімдерін, тоқыма, былғары, қағаз бұйымдарын, құрылыс материалдарын өндіру және логистикалық жобалар жүзеге асырылады. Нәтижесінде құны 3,7 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту,  3,2 трлн теңге салық түсімдері, сондай-ақ 34 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Арнайы экономикалық аймақтың аумағы 30 мыңнан 96 мың гектарға дейін ұлғайтылады, - деді әкім.

Бүгінгі күні бұл жобаның Іле, Талғар аудандары мен Қонаев қаласының аумағын қамтуы инвесторларға қолайсыздық туғызуда.

Сондықтан Президенттің тапсырмасына орай «G4 City» қаласын жеке әкімшілік бірлік ретінде құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Оның аумағы 88 мың гектарды құрайтын 4 аймаққа бөлінеді: іскерлік және қаржы орталығы; өнеркәсіп және логистикалық хабы; ғылым және медицина хабы; туризм және сауықтық орталық.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға