Алматы облысында ер адам таудағы өзенге ағып кетті

Фото: ©El.kz
Фото: ©El.kz
11.08.2024 17:33
529
Алматы облысында ер адам ағысы қатты таудағы өзенге батып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Жедел-құтқару отряды марқұмның денесін суға түскен жерінен 1 км қашықтықтан тапты. Денесі шығарылды. Полиция қызметкерлеріне табысталды», — делінген хабарламада.
ТЖМ жедел-құтқару отряды хабарынша, Алматы облысы Қарасай ауданындағы Қаскелең шатқалында 1961 жылы туған азамат отбасы сондай-ақ достарымен бірге демалып жүрген. Суға түсіп, сергігісі келген азаматты өзеннің қатты ағысы алып кеткен.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Павлодарда әскери тәртіп мәселелері жөнінде кеңес өтті
Келесі жаңалық
Шымкенттен Каирге жаңа әуе рейсі ашылады