Алматы облысында ер адам екі арыстанды қоймада асыраған

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
04.05.2023 11:00
1166
Алматы облыстық ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері 5 айлық екі арыстанды заңсыз ұстаған 2001 жылғы А. есімді азаматты құрықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ мәліметінше, аталған дерек ҚР ҚК 339-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданының полициясында тіркелді.
Полиция қызметкерлері тексеруден кейін экзотикалық жануарларды тәркіледі. Аталған дерек бойынша қылмыстық істі тергеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - делінген мәліметте.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
2023 жылы елімізде балаларға қандай есімдер жиі қойылды
Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті