Алматы облысында ер адам әйелін өртеп жіберді

Фото: коллаж El.kz
Фото: коллаж El.kz
22.11.2024 15:07
771
Алматы облысындағы кенттердің бірінде жергілікті тұрғын бірге тұратын әйелін өртеп жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 20 қараша күні кешке болған. Ерлі-зайыптылар үйде алкоголь ішіп отырып, жанжалдасып қалған. Осыдан кейін ер адам бензин шашып, әйелді өртеп жіберген. Жәбірленуші 2-дәрежелі термиялық күйікпен ауруханаға жеткізілді.
Полиция денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайы анықталып жатыр, - деп түсіндірді Алматы облысы ПД.
Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді.
Бөлісу:
