Жаңалықтар

Алматы облысында екі кісіні өлтірді деген күдікпен шетелдік азамат ұсталды

Алматы облысында екі кісіні өлтірді деген күдікпен шетелдік азамат ұсталды
Фото: ҚР ІІМ 03.07.2023 12:17 671

Алматы облысының полиция қызметкерлері екі кісіні өлтірді деген күдікке ілінген шетелдік азаматты ұстады. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Естеріңізге сала кетейік, 26 маусым күні Қарасай ауданының ПБ-ға жеке үйлердің бірінен пышақ жарақаты бар екі ер адамның мәйіті табылғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Табылған мәйіттер 30 бен 34 жастағы Тәжікстан Республикасының азаматтары болғандығы анықталды. Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікке 43 жастағы сол республиканың азаматы ілінді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері күдіктінің орналасқан жерін анықтап, оны ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, - деп хабарлады Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Іс негізінде сот-медициналық сараптама тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға