Жаңалықтар

Алматы облысында дәрігерлер науқастың өт қабынан 111 тас алды

Алматы облысында дәрігерлер науқастың өт қабынан 111 тас алды
Фото: pixabay.com 19.12.2024 09:38 113

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасына түскен науқасқа ота жасаған дәрігерлер оның өт қабынан 111 тас алған. Емделушінің қазір жағдайы жақсы, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, 35 жастағы Қонаев қаласының тұрғынын бауырының айналасы жиі шаншып, ауру мазалаған. Дәрігерлерге жүгінген науқасқа ота арнайы лапароскопиялық құрылғы арқылы жасалған. Нәтижесінде хирургтар әбден асқынып, тасқа толып кеткен өт қабын толық алып тастаған.

Науқастың өті толып тұрғанда жарықшақты гранатаға ұқсас болды. Одан ірілі-ұсақты 111 тас шықты, - дейді хирург Ринат Тоқбазарұлы.

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының мамандары осыған дейін мұндай оталар дәстүрлі ашық әдіспен орындалса, соңғы жылдары лапароскопиялық әдіске ауысқанды оң бағалады.

Оның емделушіге отадан кейін тез қалыпқа келіп, қатарға қосылуына зор ықпалы бар екенін айтты.

МӘМС аясында жасалған жоспарлы сәтті отадан кейін науқас үйіге шығарылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға