Алматы облысында әйел қайтыс боп кеткен баласының «еміне» ақша жинаған

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
21.02.2025 10:47
322
Алматы облысында полицейлер 2023 жылы қайтыс болған баласын емдеуге қаражат сұрап, алаяқтық жасаған әйелді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тергеу мәліметінше, 31 жастағы Қонаев қаласының тұрғыны адамдардың сеніміне кіріп, заңсыз ақша жинаған. Сонымен қатар оның тағы бір алаяқтық ісіне қатысы бары анықталды: ол науқас баланы емдеуге қаражат қажет деген желеумен азаматтарды алдап келген.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:
