Алматы облысында автожол бойынан ер адамның мәйіті табылды
Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді
Фото: strategy2050.kz
Фото: strategy2050.kz
27.09.2022 21:14
1024
Алматы облысында автожол бойынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
«25 қыркүйекте Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөліміне Көлді ауылының маңындағы автожолдың бойында ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Аталған факті Еңбекшіқазақ ауданының Шелек полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Өлімін себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген полиция мәліметінде.
Ер адамның жасы 35-40 шамасында.
«Қазіргі уақытта оның жеке басын анықтау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Алматы облысы Полиция департаментінде.
Бөлісу:
