Жаңалықтар

Алматы облысында әлеуметтік желіде көлік ойнатқан ер адам жазаланды

Алматы облысында әлеуметтік желіде көлік ойнатқан ер адам жазаланды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 22.10.2024 15:27 476

Алматы облысында сот әлеуметтік желіде заңсыз лотерея ұйымдастырған ер адамға қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс (ҚР ӘҚБтК 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша) Балқаш аудандық сотында қаралды.

2024 жылдың шілдесінде Н. өзінің Instagram парақшасында Jetour маркалы автокөлікті ойнату арқылы заңсыз лотерея ұйымдастырды. Лотереяға қатысу үшін 200 теңге көлеміндегі лимитсіз лотерея билетінің құнын Н.-ның жеке банктік шотына аудару қажет болған, - делінген Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кету керек, ер адамның өзі лотерея операторы емес.

Сот Н. есімді азаматты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған 369 200 теңге (100 айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға