Алматы облысында әкесі мен төрт баласы тамақтан уланып көз жұмды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
09.05.2023 20:35
1238
Қарасай ауданының Көлащы ауылындағы жеке тұрғын үйде алты адам тамақтан уланған, оның ішінде төртеуі – бала, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ақпаратты Алматы облысы ТЖД растады.
Нәтижесінде 1984 жылы туған ер адам (әкесі) және төрт бала (2010 жылы туған қыз бала және 2008, 2013, 2018 жылдары туған ұлдар) қайтыс болды. 1985 жылы туған әйел (анасы) Шамалған ауылындағы Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр, Қарасай аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр, - деп түсіндірді ТЖД.
ТЖД мәліметтері бойынша, қайғылы жағдайдың алдын ала себебі – тамақтан улану.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көкшетауда жасөспірім қыз 12-қабаттан секірмек болған
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты