Жаңалықтар

Алматы облысында 8 мектеп Илон Масктің интернетіне тегін қосылды

Алматы облысында 8 мектеп Илон Масктің интернетіне тегін қосылды
Фото: ©Shutterstock.com/Rokas TENYS 01.12.2023 21:00 939

Алматы облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы бойынша 2024-25 жылдары 54,6 мың орындық 53 мектеп салынады. Осының нәтижесінде үшауысымды мектеп мәселесі шешіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта облыс мектептері интернет желісімен толық қамтамасыз етілген. Алайда шалғай аудандарда интернет жылдамдығының мәселесі бар. «Digital Bridge-2023» пилоттық жобасы аясында Starlink спутниктік интернетіне шалғай аудандардың 8 мектебі тегін қосылды. Нәтижесінде интернет жылдамдығы 8 МБит/секудтан 200-ге дейін артты. «Қолжетімді интернет» бағдарламасының аясында осы технологиямен тағы да 65 мектептегі интернеттің жылдамдығы арттырылады, - деді облыс әкімі.

Оның атап өтуінше, «Білім-инновация» және «Қазақстан халқына» қорларымен бірлесіп, «Табысты 50 мектеп» атты бірегей жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен 756 млн теңге бөлінген. 50 мектептің 3,8 мың ұстазы біліктілігін арттыру курстарынан өтіп, 58 мыңнан астам оқушы кешенді оқуымен қамтылды. Жоба аясында «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 50 мектепке 1,5 млрд теңгеге физика, химия және биология пәндерінің 150 зертхана кабинеттері жабдықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға