Жаңалықтар

Алматы облысында 54 мың гектар жер бос жатқан

Алматы облысында 54 мың гектар жер бос жатқан
Фото: Алматы облысы прокуратурасы 30.01.2024 06:00 788

Алматы облысының прокуратурасы жергілікті халыққа Енбекшіқазақ ауданында орналасқан 18 мың гектар жерді қайтарды. Қалған 36 мың гектар жері телімін қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратураның ресми мәліметінше, жалпы ауданы 54 мың гектардан асатын 120 жайылымдық жер белгіленген мақсатқа сай пайдаланылмайтыны анықталған. Бұл меншік иелері мен жер пайдаланушылардың малы жоқ. Аталған жер телімдері азаматтар мен мемлекетке ешқандай пайда әкелмеген деген сөз.

Соның нәтижесінде прокуратура шараларымен 180 млн теңгеге 18 мың гектар жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қалған жерлерді қайтару жұмыстары жалғасуда, қазір соттың қаралуында.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға