Жаңалықтар

Алматы облысында 20 жастағы жігіттен 9 келі есірткі табылды

Деректі облыстық департамент бақылауына алды
Алматы облысында 20 жастағы жігіттен 9 келі есірткі табылды
Фото: polisia.kz 16.12.2022 00:25 1521

Алматы облысында 20 жастағы жігіттен 9 келі мефедрон тәркіленді, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

13 желтоқсанда «Құқықтық тәртіп» ЖААІШ өткізу кезінде облыстық ПД ЕҚҚІҚБ және Қарасай ауданы ПБ қызметкерлері автокөлікті тоқтатқан. Одан әрі тексеру барысында автомобильдің салонынан қара полиэтилен пакетке салынған ұнтақ құрамы бар скотчпен оралған орамалар табылды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі 1 және 3-тармақтары бойынша Қарасай ауданының ПБ-да тіркелді. Іс бойынша Алматы қаласының 20 жастағы тұрғыны күдікті болып танылды, ол өз кінәсін толық мойындап отыр. Сот-химиялық сараптама нәтижесінде табылған зат жалпы салмағы 9 келіден асатын мефедрон екендігі анықталды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Деректі облыстық департамент өз бақылауына алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға