Жаңалықтар

Алматы облысында 2 млн теңгелік вейптер тәркіленді

Алматы облысында 2 млн теңгелік вейптер тәркіленді
Фото: Polisia.kz 05.07.2024 11:09 588

Алматы облысының полицейлері құны 2 млн теңгенің вейптерін тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, WhatsApp мессенджері арқылы вейптерді заңсыз сатқандарды облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері анықтады.

«Стоп-алаяқ» ЖПІШ өткізу барысында Киберпол бөлімшесінің қызметкерлері WhatsApp мессенджеріндегі арнаны анықтады. Арна арқылы электрондық темекі сатылып отырған.

Тәртіп сақшылары екі миллион теңгеге электронды темекі тәркіледі. Электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату фактісі бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғады, – деді облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов.

Заңды бұзған адамға екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол көлемдегі түзеу жұмыстары не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу мөлшерінде ірі ақшалай айыппұл салынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға