Алматы облысында 100 долларлық жалған купюраны 15 мың теңгеге өткізіп келгендер ұсталды

Фото: © El.kz/Арман Мухатов
Фото: © El.kz/Арман Мухатов
10.10.2023 12:14
843
Алматы облысында 100 долларлық жалған купюраны 15 мың теңгеден өткізіп келген екі азамат ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олар кезекті жалған ақшаны өткізу барысында ұсталған.
ҚМА мәліметінше, тінту барысында 6,5 мың АҚШ доллары алынған. Кінәлі тұлғаларға қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды, - делінген мәліметте.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді