Алматы облысы білім басқармасының басшысы 10 жылға сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
24.05.2023 10:20
1351
Алматы облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова 10 жылға сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомствоның мәліметінше, төрт айыпталушыға сот үкімі шығарылған, олардың арасында облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова да бар. Сотталушыларға Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігі (Пара алу), 367-бабының 4-бөлігі (Пара беру), 190-бабының 4-бөлігі (Алаяқтық), 371-бабының 2-бөлігі (Немқұрайлылық) бойынша айып тағылды.
Тергеу материалдарына сәйкес, 2020 жылдың тамыз-қараша айлары аралығында Алматы облысының білім басқармасының басшысы бір топ адаммен мемлекеттік сатып алу саласында қылмыстық әрекетке барған.
Ол бақылауындағы үлестес фирмалармен оқушыларды қашықтықтан оқытуға арналған ноутбуктерді жеткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартқа отырған. Сотталушылар бюджет қаражатын жымқыру мақсатында осы ноутбуктерге контрафактілік үлгідегі заңсыз бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатқан, яғни қаржы жұмсамай, оларды интернет арқылы жүктеп алған. Салдарынан мемлекетке аса ірі көлемде 122 996 086 теңге көлемінде шығын келтірілген, -делінген хабарламада.
Сотталушылардың екеуі, оның ішінде Омарова да кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы екеуі 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бибисара Асаубаева Гран-придегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді