Жаңалықтар

Алматы облысы 17 жастағы жасөспірім адам қолынан қаза тапты

Алматы облысы 17 жастағы жасөспірім адам қолынан қаза тапты
Фото: ІІМ баспасөз қызметі 06.08.2023 12:49 2948

Алматы облысында болған оқиғаның барлық қатысушылары ұсталды. Қайғылы оқиға салдарынан 17 жасар жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Кеше Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек Би ауылындағы үйлердің бірінің ауласында зорлықпен өлім белгілері бар 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылған болатын.

Жасөспірімге мылтықпен оқ атып жарақаттан қаза болғаны анықталды. Ол мылтық ұсталғандардың бірінің әкесіне тиесілі. Қазіргі уақытта 9 күдікті УҰИ-на қамалды, бұл факт ҚР ҚК 99-бабы 9-тармағының 2-бөлігі,14-тармағы бойынша аудандық полицияда тіркелді және сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Түнгі сағат 12-де жастар арасында төбелес болып, қатысушылардың бірі атыс жарақатын алып, қайтыс болғаны анықталды.

Облыс ПД бастығының айтуынша, қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындаумен барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Басқа қатысушыларға қатысты ҚР ҚК 293 - бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп нақтылады Б.Әленов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға