Жаңалықтар

Алматы облыстық ҚХА денсаулық сақтау мен білім басқармаларымен меморандумға қол қойды

Алматы облыстық ҚХА денсаулық сақтау мен білім басқармаларымен меморандумға қол қойды
07.02.2019 04:53 2444

Талдықорған қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кезекті мәжілісі өтті.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай баяндама жасап, биылғы жылы Ассамблея кеңесінің жұмысы жаңа жобалармен толыққанын атап өтті.

Олардың бірі Достық үйлері жанынан "Aibyn" әскери-патриоттық клубын  құру болып табылады.

Егде жастағы азаматтардың әлеуметтік белсенділігін дамыту, олардың қызығушылықтары бойынша бос уақытын ұйымдастыру және оларды қоғамдық өмірге тарту арқылы қарым-қатынас жасау мақсатында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының аясында Белсенді өмір сүру орталығы ашылады.

Сонымен қатар, ҚХА кеңесінің отырысында облыстық Қазақстан халқы ассмблеясы мен аймақтық денсаулық сақтау мен білім басқармалары арасында ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға