Жаңалықтар

Алматы метросында жаңа уақытша қоршаулар орнатылды

Алматы метросында жаңа уақытша қоршаулар орнатылды
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 10.02.2025 17:21 221

Алматы метрополитені қос функциялы жаңа қоршауларды сынақтан өткізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Алматы метрополитені» КМК мәліметінше, «Райымбек батыр» станциясында метрополитеннің заманауи қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін жаңа уақытша қоршаулар орнатылды. Олар екі негізгі қызмет атқарады: жолаушылар үшін қорғаныс құралы болып табылады және жарнамалық құрылым ретінде пайдаланылады.

Қазіргі уақытта бұл қоршаулардың жел жүктемесіне төзімділігі тексерілуде. Барлық қажетті сынақтардан өткеннен кейін осындай қоршаулар метроның басқа станцияларында да орнатылатын болады. Сонымен қатар метрополитен өкілдері бұрын орнатылған темір қоршаулардың да тексеріліп жатқанын, қажет болған жағдайда, олардың алынатынын атап өтті.

Алматы метрополитені жолаушылардың жайлылығы үшін инфрақұрылымды жетілдіруге әрдайым ұмтылады. Бұл шешім автоматтандырылған платформалық есіктер (screen doors) орнатылғанға дейінгі уақытша шара болып табылады. Барлық жұмыстар кәсіпорынның өз қаражаты есебінен, бюджет қаражатын тартпай жүргізілуде, – деп хабарлады метрополитеннің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға