Жаңалықтар

Алматы мен Шанхай арасында бауырластық қатынас орнату туралы келісім жасалды

Алматы мен Шанхай арасында бауырластық қатынас орнату туралы келісім жасалды
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі 05.11.2024 03:33 712

Шанхай қаласында (ҚХР) өтіп жатқан үкіметаралық келіссөздердің қорытындысы бойынша Алматы және Шанхай қалалары арасында бауырластық қатынастар орнатуға бағытталған ниеттестік туралы хатқа қол қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат  агенттігі.

Бұл келісім бай мәдени дәстүрлері мен елеулі экономикалық әлеуеті бар екі ірі мегаполис арасындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты дамытудың жаңа кезеңін білдіреді.

Ниеттестік туралы хатқа Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышев пен Шанхай қаласының мэрі Гун Чжэн қол қойды.

Құжатта экономика, сауда, ғылым және технология, білім, мәдениет, денсаулық сақтау және туризмді қоса алғанда, бірлескен қызметтің негізгі бағыттары айқындалған. Тараптар теңдік және өзара тиімділік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, аталған салаларда алмасу мен ынтымақтастықты жүзеге асыруға ниетті. Атап айтқанда, көрмелер, семинарлар, мәдени және ғылыми іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Алматы мен Шанхай арасында бауырластық қарым-қатынас орнату түрлі салаларда бірлесіп даму үшін жаңа көкжиектер ашады, озық және үздік тәжірибелермен алмасуға, сондай-ақ өзара инвестициялар мен мәдени алмасуға жәрдемдесуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға