Жаңалықтар

Алматы мен Өскемен арасындағы тас жолда 4 адам ажал құшты

Алматы мен Өскемен арасындағы тас жолда 4 адам ажал құшты
Фото: ІІМ баспасөз қызметі 30.07.2023 15:28 955

Алматы-Өскемен бағытындағы тас жолда жол апатынан төрт адам қайтыс болды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі. 

Апат кезінде тағы үш бала түрлі жарақат алған. ІІМ ресми сайтының мәліметінше, жол апаты Алматы-Өскемен тас жолының 453 шақырымында тіркелді. 

Hyundai Veracruz көлігінің 38 жастағы жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, рөлге ие бола алмай Daf FTXF 105 жүк көлігіне соғылған. Осы сәтте Volkswagen Passat көлігі тоқтап үлгермей, апатқа ұшырады. 

Жол апаты салдарынан Hyundai көлігінің жүргізушісі мен оның барлық жолаушылары қайтыс болған. Сонымен бірге, тағы үш бала түрлі деңгейдегі дене жарақатын алып, аудандық ауруханаға жеткізілген.

Қатты соғылудың салдарынан Hyundai көлігі іске жарамсыз күйге енген. Қазіргі уақытта аталған жол апатына қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға