Жаңалықтар

Алматы мектептеріне 100 автобус сатып алынды

Алматы мектептеріне 100 автобус сатып алынды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі 03.09.2023 20:50 873

Жаңа оқу жылында Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша алғаш рет оқушыларды тұрғылықты жерінен оқу орнына және кері қарай тегін тасымалдау бойынша қала 100 автобус сатып алды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Жоба бастауыш сынып оқушыларына және мектептен алыс тұратын балаларды тасымалдауға бағытталған.

Автобустар халықаралық қауіпсіздік стандарттары мен техникалық талаптарға сәйкес келеді: апаттық шығу мүмкіндігі бар, қауіпсіздік белдіктері, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған пандус, өрт қауіпсіздігі жүйесі бар. Балаларды тасымалдау кезінде автобуста мұғалім болады.

Жаңа оқу жылында Алматыда бірінші сыныпқа барған 30 мыңнан астам бала 323 мектепте оқиды, оның 215-і мемлекеттік және 108-і жекеменшік. Білім күні қалада 10 жаңа мектеп ашылған. Атап айтқанда, Түрксіб ауданының Қайрат ықшам ауданындағы №211 мемлекеттік мектеп және 3000 орындық 9 жекеменшік мектеп бар. Екі білім ошағы – №48 және 9 мектеп кеңейтілген, жыл соңына дейін №148 мектепте 300 орындық қосымша ғимарат салу жұмыстары аяқталмақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға