Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 450 км қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жерасты дүмпулерін Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі бүгін, 27-ші қыркүйек күні сағат 19:11-де тіркеген.
Эпицентрі Алматыдан 420 км қашықтықта Қытай аумағында жатыр. Зілзаланың энергетикалық класы – 9.6. Магнитудасы – 4.5. MPV. Тереңдігі – 5 км. Сезілуі туралы ақпарат жоқ, - деп жазылған хабарламада.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
ОСК Сенат депутаты Дархан Қыдырәліні тіркеді
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды