Жаңалықтар

Алматы маңында жер сілкінді

Алматы маңында жер сілкінді
Фото: © El.kz 17.08.2023 23:46 1038

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Зілзала бүгін, 17 тамыз күні Алматы уақыты бойынша 19 сағат 54 минутта орын алған.

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 383 км қашықтықта Қырғызстан аумағында жатыр. Энергетикалық класы 10.5. Магнитудасы 4.6 MPV. Бағыты 41.19° с.е. 73.15° ш.б. жатыр. Тереңдігі 10 км. Сезілуі туралы ақпарат жоқ, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға