Алматы маңында жер сілкінісі орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сейсмикалық тәжірибелі-әдістемелік экспедицияның таратқан ақпаратына сәйкес, зілзала жергілікті уақыт бойынша сағат 14:07-де Қытай аймағында болған.
Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 413 км қашықтықта Қытай аймағында жатыр. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.7. MPV магнитудасы - 4.7. Ошағының бағыты - 39.76° с.е 75.04° ш.б. Тереңдігі – 15 шақырым, - делінген хабарламада.
Сезілуі туралы ақпарат жоқ.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Мысырда Қазақстанның мәдени күндері өтеді
Келесі жаңалық
Қазақ елі Дулат Исабековті ақтық сапарға шығарып салды