Сейсмикалық станциялар желісі жерасты дүмпулерін 6 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 21:22-де тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 890 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,7 Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,9, - делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.
Айта кетейік, Алматы уақыты бойынша сағат 15:47-де жер дүмпуі тіркелгенін жазған едік.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Әлемге әйгілі математиктер Назарбаев университетінде бас қосты
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды