Жаңалықтар

Алматы көшелерінен жүк көліктерімен 2,4 мың рейс қар шығарылды

Алматы көшелерінен жүк көліктерімен 2,4 мың рейс қар шығарылды
Фото: Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 20.01.2024 11:00 702

Алматыда коммуналдық сала қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 20 қаңтар күні сағат 01:30-да басталған қар күндіз аздаған үзіліспен жауады деп болжанып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының хабарлауынша, қар жауа бастаған сәттен бастап 146 құм таратқыш арқылы көшелерге көктайғаққа қарсы материалдар себілуде. 

Сағат 05:30-дан кезекші жол полициясы машиналарының еріп жүруімен 13 колонна техника қар күреуді бастаған.

Сағат 06:00-ден бастап тротуарларды, жалпы пайдалану орындарын механикаландырылған тазалау жұмыстары ұйымдастырылып, қоғамдық көлік аялдамалары мен жер үсті өткелдері қолмен күреліпті.

Оқи отырыңыз: 

Түнгі уақытта қар шығаруға 27 қар тиегіш пен 75 өзі түсіргіш жүк көлігі жұмылдырылған. 17 қаңтарда жауған қарға келсек, сағат 08:00-дегі жағдай бойынша 24224 текше метр қар шығарылды, бұл 2422 рейс өзі түсіргіш жүк көлігі деген сөз.

Қар күреуге түнде 436 бірлік техника мен 219 жұмысшы тартылды. Сағат 08:00-ден бастап 423 бірлік арнайы техника және 1008 жұмысшы жұмылдырылған. Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша қалаға қалыңдығы 8 см қар түскен. 

Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

«Қазгидромет» РМК болжамынша бүгін түске дейін ара-тұра қар жауады. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады, күндіз ауа температурасы -3...-5° болады деп күтілуде. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға