Жаңалықтар

Алматы-Екатеринбург тасжолында жол апатынан бес адам қаза тапты

Алматы-Екатеринбург тасжолында жол апатынан бес адам қаза тапты
Фото: Қарағанды облыстық ПД 14.07.2024 17:22 499

14 шілдеде сағат 12:00 шамасында Алматы-Екатеринбург тасжолында Ақшатау кентінен 30 шақырым жерде автобус пен Toyota Estima соқтығысқан. Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға салдарынан Toyota Estima көлігінің төрт жолаушысы мен автобустың бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

11 адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерді сергек болуға және жылдамдық режимінен аспауға шақырады, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға