Алматы-Екатеринбург тасжолы жабылды
Бұған ауа температурасының төмендеуі себеп болған
Фото: almaty.tv
Фото: almaty.tv
07.12.2022 01:10
972
Алматы-Екатеринбург республикалық маңызы бар автожолдағы қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.
Шектеу «Қарағанды-Балқаш» бағытына қатысты болып отыр.
Ауа температурасының төмендеуіне байланысты "Алматы-Екатеринбург" республикалық маңызы бар автожолының "Қарағанды-Балқаш" учаскесінде дизельмен жүретін жүк және қоғамдық көліктер қозғалысы уақытша шектеледі, - делінген хабарламада.
Бұған дейін 4 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын. Өңірлерде тұман, көктайғақ және қатты жел тұрады деп күтілуде.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қатар-2022: Марокко әлем чемпионатында тарихи жетістік тіркеді