Алматы-Екатеринбург тас жолында екі адам қаза тапты

Жол апаты Алматы-Екатеринбург тас жолында болған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Полиция мәліметінше, оқиға 12 маусым сағат 10:50 шамасында болған. Теміртау қаласына қарай бағыт алған 57 жастағы Audi автокөлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде жол қауіпсіздігіне назар аудармай, алдында келе жатқан ВАЗ-2114 автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан ВАЗ көлігі жол жиегіндегі қоршауға соғылған.
Оқиғадан ВАЗ-2114 автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі мен Audi-де болған 56 жастағы (жүргізушінің жұбайы) жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. 57 жастағы Audi жүргізушісі және оның 9 жастағы немересі, сондай-ақ ВАЗ-2114 автокөлігінің 23 жастағы жолаушысы ауруханаға жеткізілді, - делінген ҚР ІІМ таратқан мәліметте.
Аталған факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.
