Жаңалықтар

Алматы дүкенінде әйелдің кеудесін ұстаған ер адам қамауға алынды

Алматы дүкенінде әйелдің кеудесін ұстаған ер адам қамауға алынды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 29.08.2023 19:18 1253

Алматыда дүкен ішінде әйел адамның кеудесін ұстаған ер адамды полиция 5 тәулікке қамауға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

18 тамыз күні супермаркеттердің бірінде әйел адамның кеудесіне қолын салған ер адам Атырау қаласынан анықталып, ұсталды. 1988 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны өз кінәсін толықтай мойындап, ондай әрекетке алкогольдік мас күйде болған кезде барғанын айтқан, - делінген Ішкі істер ведомствосының телеграм-арнасы таратқан ақпаратта.

Құқықбұзушылық әрекеті үшін күдікті ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен, яғни ұсақ бұзақылық дерегі бойынша 5 тәулік әкімшілік қамауға алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға