Жаңалықтар

Алматы бюджетіне 1,8 трлн теңгеден астам салық пен төлем түсті

Алматы бюджетіне 1,8 трлн теңгеден астам салық пен төлем түсті
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 23.01.2025 21:40 122

2024 жылы Алматы бюджетіне 24% өсіммен 1 874 млрд теңге салық және төлемдер түсті. Бұл ретте түсімдердің шамамен 70%-ы ШОБ дамыту есебінен қамтамасыз етілген. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Былтыр желтоқсан айында қала мәслихаты Алматының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіткен болатын.

Ел тарихында тұңғыш рет Алматының қалалық бюджеті 2,2 трлн теңгеден асты. Бұл 2022 жылдың басымен салыстырғанда 2,1 есе жоғары. Аудандар бюджеті де өсім көрсетуде. Мәселен, функцияларды орталықсыздандыруды ескере отырып, Алматының 8 ауданының бюджеті 2022 жылға қарай 6 есе өсумен 293,6 млрд теңге сомасында бекітілді, - делінген мәліметте.

2023 жылдың басынан бері Алматы қаласының әкімдігі ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін жобалық құжаттарға үлкен дайындық жүргізді. Нәтижесінде 2025 жылы даму бюджеті 2022 жылға қарай 2,2 есеге ұлғайып, 458 млрд теңгеге жетті.

Мемлекет басшысының азаматтардың әл-ауқатын үдемелі арттыру туралы тапсырмасына сәйкес, Алматы бюджеті өзінің әлеуметтік бағдарлануын сақтайды. Бұл салаға 2025 жылы 40%-дан астам немесе 894,3 млрд теңге тиесілі, - деп қосты әкімдік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға