Жаңалықтар

Алматы әуежайының жаңа халықаралық жолаушылар терминалы ашылды

Алматы әуежайының жаңа халықаралық жолаушылар терминалы ашылды
Фото: Ақорда 03.06.2024 13:52 395

Жаңа терминал жылына 14 млн жолаушыға қызмет көрсетеді, бұл бұрынғыдан екі есе көп.  Биыл жолаушылар саны 11 млн адамға дейін көбейеді деп болжанып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Терминалды әу баста жаздың соңында тапсыру жоспарланған. Бірақ жолаушылардың көбеюіне және оларға жайлы жағдай жасауға байланысты жұмыс жеделдетілді.  Барлық халықаралық рейс жаңа терминалға біртіндеп маусымның бірінші онкүндігінде ауыстырылады. Операциялық жүйені біртіндеп интеграциялау халықаралық тәжірибе.  

Алматыда 41 тікелей әуе қатынасы бар, сондай-ақ әлемнің 82 елімен визасыз режим енгізілген. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға