Алматы әуежайында рейстер кешіктіріліп жатыр

Толассыз жауған қарға байланысты Алматы әуежайында ондаған әуе рейсі кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматыдан ұшатын:
2 рейс тоқтатылды (FlyArystan – Қызылордаға, Air Astana – Астанаға)
11 рейс кейінге шегерілді (Air Astana – Дели, Астана (2 рейс), Доха, Қызылорда, FlyArystan –Семей, Қостанай, Өскемен, Түркістан, Qazaq Air – Астанаға, Scat – Мәскеуге (Внуково)
Алматыға келуі тиіс:
3 рейс тоқтатылды (FlyArystan – Қызылордадан, Air Astana – Өскеменнен және Астанадан)
16 рейс кейінге шегерілді (Qazaq Air – Көкшетаудан, FlyArystan – Атыраудан, Семейден, Scat – Ақтөбеден, Жезқазғаннан, Мәскеуден (Шереметьево), Атыраудан, Тараздан, Air Astana – Душанбеден, Дубайдан, Ташкенттен, Қызылордадан, Астанадан, Делиден, Дохадан, Wizz Air – Абу-Дабиден).
