Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды

Көлік полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты қолға түсірді. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Заңсыз келуші-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күнінде көлік полицейлері 73 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде 58 шетелдік Қазақстанда болу қағидаларын бұзғаны үшін, оның 54-і ТМД азаматтары болса, алыс шетелдіктердің саны – 4. Бұл туралы көліктегі Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов хабарлады. Оның айтуынша, сот шешімі бойынша 5 шетелдік елден шығарылды.
Сондай-ақ осы іс-шара барысында Ыстамбұл – Алматы бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ-мен бірлесіп Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 158-бабы бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген 33 жастағы Ресей Федерациясының азаматын анықтап, ұстады, – деді Мадияр Айтуғанов.
