Жаңалықтар

Алматы-Анталья авиарейсі неге кешікті?

Алматы-Анталья авиарейсі неге кешікті?
Фото: smi24.kz 20.06.2022 12:12 1133

Алматы-Анталья бағыты бойынша КС 915 рейстерінің кешігуіне қатысты Қазақстан Ресубликасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті түсініктеме берді, – деп хабарлайды El.kz.

18 маусымда «Эйр Астана» әуекомпаниясының Боинг-767 үлгісіндегі әуе кемесінде техникалық ақаулық анықталды. Бұл өз кезегінде осы әуе кемесінде жоспарланған әуе компанияларының рейстерінің уақтылы орындалуына әсер етті. Осыған байланысты, әуекомпания келесі рейстерде әуе кемесін ауыстыруға мәжбүр болды. 18 және 19 маусымында Алматы – Анталья бағыты бойынша 2 рейс 24 сағат 56 минутқа және 3 сағат 23 минутқа кешіктірілді.

«Эйр Астана» әуекомпаниясының 2022 жылғы 18 маусымдағы Алматы – Анталья бағыты бойынша КС 915 рейсі кесте бойынша жергілікті уақыт бойынша сағат 09:40-та ұшуға жоспарланған болатын. Алайда, рейс техникалық себеппен 19 маусым күні таңертең кешіктірілді. Рейс Анталияға ағымдағы жылғы 19 маусымда сағат 10:36-да ұшты.

Сондай - ақ,19 маусымдағы Алматы-Анталья бағыты бойынша КС 915 рейсі кесте бойынша жергілікті уақыт бойынша сағат 09:40-та жоспарланған. Алайда, техникалық себеп бойынша сыйымдылығы аз әуе кемесі Боинг-767-ден Эйрбас-321-ге ауыстырылды. Борт жергілікті уақыт бойынша 19 маусым сағат 13:03-те жолға шықты. Осы рейстен жолаушылардың бір бөлігі Нұр-Сұлтан арқылы Анталияға жөнелтілді. Ал бір бөлігін 20 маусымдағы Алматы-Анталья КС 915 рейсімен жөнелту жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, «Эйр Астана» әуекомпаниясының Алматы – Анталья бағыты бойынша КС 915 рейсі 20 маусымдағы әуе кемесінің Сеул – Алматы рейсінен күту себебінен сағат 15:40-қа дейін кешіктіріледі. Кешіктіру 6 сағатты құрайды.

Кешіктірілген рейстердің барлық жолаушыларына ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңның 86-бабында көзделген қызметтер көрсетілді. Әуекомпания осы талаптарды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделеді.

Әуе көлігінің негізгі басымдығы жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі болып табылады. Осыған байланысты, егер қауіпті жағдайлар қауіпсіздікке қатер төндіретін болса, тасымалдаушы оларды жоюы тиіс. Бұл рейстің кідіруіне әкеп соғады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға