Жаңалықтар

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРІ ҚХА ӨКІЛДЕРІМЕН елбасының бағдарламалық мақаласын талқылады

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРІ ҚХА ӨКІЛДЕРІМЕН елбасының бағдарламалық мақаласын талқылады
27.03.2019 07:37 2520

Алматы қаласындағы №15 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдерімен кездесу болып өтті.

Кездесудің негізгі мазмұны Алматы қаласының ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару Қызметі қызметкерлеріне «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жеткізу, қоғамдық сананы жаңғырту, қазақстандық сәйкестілікті нығайту және дамыту болып табылады.

Кездесу бағдарламаның «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына арналған сұхбат аясында өтті.

Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, полковник Қазбек Мамсұров Елбасы Жолдауының маңызды бағыттары туралы айтып, «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаланы түсіндірді.

 

«Президенттің «Рухани жанғыру» атты мақаласының басты мақсаты: рухани және мәдени құндылықтарды сақтау және нығайту - болашаққа көзқарас. Осы мақсатқа жетудің басты шарты - білім беруді жаңғырту және мәдени-адамгершілік құндылықтарды сақтау. Отансүйгіштікті сөзбен емес, іс-әрекеттермен көрсету - Бағдарламаның басты міндеті», - деп атап өтті Қазбек Владимирович.

Ассамблеяның мүшесі, подполковник Әбубәкір Войнце рухани байлық, бірлік, елдегі бейбітшілік, болашаққа ұмтылу басты құндылықтар екенін атап өтті. Егер мұның бәрі қоғамда сақталса, біз алдымызға қойылған барлық мақсаттарға қол жеткіземіз.

Алматы қаласының өрт сөндіру Қызметі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Бағдат Чайзада шақырылған қонақтарға алғысын білдірді.

Кездесуге қатысушылар «Рухани, экономикалық жаңғырту қоғамды үздік дәстүрлерге және ұлттық мәдени құндылықтарға негізделуге тиіс» деп атап, бағдарламаның мақаласы мен ұлтаралық келісімнің басымдықтары мен идеяларын қолдады.

emer.gov.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға