«Алматы алақандағыдай көрінеді»: «Жаралы сезім» фильмінің жалғасы қашан шығады?
Режиссер Еркін Рақышев «Көреміз» бағдарламасында 17 жылдан кейін «Жаралы сезім» фильмінің екінші кезеңін түсіретінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еркін Рақышев алдымен неліктен бұл фильмнің жалғасын түсіру туралы шешім қабылдағанына тоқталды.
Оқи отырыңыз:
- Таңғы асқа қандай тағамды мүлде жеуге болмайды?
- Қайрат Түнтеков Димаш Құдайберген екеуін салыстыратындарға жауап берді
Жарты жыл бұрын «Ва-банк» сериалының екінші кезеңі түсірілетінін естідім. Сол себепті біз де «Жаралы сезім» фильмінің жалғасын түсіруіміз керек деп шештім, - дейді режиссер.
Ал «Жаралы сезім 2» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдайтын актер Абай Мәжитов өзіне бұл ұсыныстың қалай түскенін айтып берді.
Бір күні таңғы 06:00-де Еркін аға «Абай, кеңсеге кел! Әңгіме бар» деп хабарлама жіберіпті. Айтылған уақытта кездесуге бардым. Келсем, Еркін ағай «басты рөлде ойнайтын актермен жұмыс істеу қиын болып жатыр. Атқа мінетін, төбелесетін сахналары болады» дейді. Осылайша фильмге тұсу туралы ұсынысқа қуана-қуана келістім, - деді актер.
Еркін Рақышев «Жаралы сезім 2» фильмінің қашан шығатынын да айтты.
Бүгін біз Ақылжанның көрінісін түсірдік. Енді екі күндік түсіріліміміз қалды. Фильм көктемге қарай шығады. 22 ақпанға қарай қойдық, кинотеатрлармен келісіп жатырмыз, - деді режиссер.
Осылайша көрермен көзайымына айналған фильмнің екінші кезеңі жақын арада еліміздің барлық кинотеатрларына жол тартпақ.