Жаңалықтар

Алматы әкімі президентке әр екі апта сайын есеп беріп отырады

Алматы әкімі президентке әр екі апта сайын есеп беріп отырады
Фото: Ақорда 30.03.2025 22:23 495

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевты қабылдап, шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясын тұрақты әрі өз деңгейінде өткізудің, қаланы көгалдандырудың, экологиялық ахуалды жақсарту үшін көлік қозғалысын реттеудің, сондай-ақ алматылықтарды алаңдататын басқа да мәселелерді шешудің маңызын атап өтті.

Ерболат Досаевқа еліміздің ең ірі қаласының қаржы, спорт, туристік әрі мәдени хабы ретіндегі мәртебесін нығайту және тиісті тәртіпке келтіру үшін басқару қызметін күшейту тапсырылды.

Қала әкімі президентке жүргізілген жұмыстар және қабылданған шаралар туралы екі аптада бір рет баяндап отырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға