Жаңалықтар

Алматы әкімдігі теннис орталығының құрылысын кешіктірген мердігерді сотта жеңді

Алматы әкімдігі теннис орталығының құрылысын кешіктірген мердігерді сотта жеңді
Фото: Алматы қалалық әкімдігі 10.06.2023 03:35 725

Құрылысы ұзаққа созылған спорт нысанына қатысты іс қаралған кезде сот әкімдіктің жағына шықты. Бұл туралы қалалық нысандарды аралау кезінде Алматы әкіміне бейінді басқарманың өкілдері баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, Алатау ауданындағы теннис орталығы келушілер үшін есігін осыдан екі жыл бұрын ашуы тиіс еді. Сөйте тұра әлі күнге дейін ғимарат пайдалануға дайын емес.

Спорт орталығын салуға бюджеттен қаражат алған «ПМК-7К» ЖШС мердігер ұйымы міндеттемелерін орындамағаны үшін мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушысы болып танылды. Сот компанияға айыппұл төлеуге, сондай-ақ жұмыс істемеген авансты қайтаруға міндеттеді. Мердігер шешімге қарсы шығуға тырысты, бірақ азаматтық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық шағымды өзгеріссіз қалдырды. Ерболат Досаев бейінді басқармаларға атқарылған жұмыстарға техникалық аудит жүргізуді және объектінің құрылысын аяқтау жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды, - делінген мәліметте.

 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға