Жаңалықтар

ALMA CUP 2025: Турнир жеңімпаздары анықталды

ALMA CUP 2025: Турнир жеңімпаздары анықталды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі 26.02.2025 23:12 109

Алматыда студенттер арасындвғы ең танымал ALMA CUP 2025 спорттық турнирі аясында баскетболдан финалдық ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Турнир Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. ALMA CUP 2025 – жастар арасында спорт мәдениетін дамытуға, физикалық дайындық деңгейін арттыруға және командалық спорт түрлерін, соның ішінде шағын футбол, баскетбол, волейбол мен киберспортты насихаттауға бағытталған әлеуметтік жоба. Турнирдің жүлде қоры 4 800 000 теңгені құрайды, оның ішінде 1 600 000 теңге баскетболға қарастырылған (800 000 теңге – ерлер командаларына, 800 000 теңге – әйелдер командаларына).

Айта кетейік, ALMA CUP 2025 жобасы аясында, 1-2 наурыз киберспорттан турнир өтеді. Ал, мини-футбол мен волейбол турнирлерін сәуір айында өткізу жоспарлануда және 31 наурызға дейін өтінім қабылдау жалғаспақ.

Баскетбол турниріне Алматының 30-дан астам оқу орнынан 34 команда қатысты: 26 ерлер және 8 әйелдер командасы. Бірнеше ай бойы студенттер жоғары деңгейдегі дайындықтарын, спорттық ынта-жігерлерін көрсете отырып, қаладағы ең ірі студенттік спорт жобасында жеңіске жетуге ұмтылды.

Шешуші ойындар нәтижесінде жеңімпаздар келесідей анықталды:

Ерлер командасы арасында жеңімпаздар төмендегідей анықталды:

I орын – ҚазСТА (Қазақ спорт және туризм академиясы)

II орын – ХАТУ (Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті)

III орын - «Тұран» университеті

Әйелдер категориясы бойынша:

I орын – ҚазСТА (Қазақ спорт және туризм академиясы)

II орын – ҚазҰУ (Қазақ ұлттық университеті)

III орын – ҚызПУ (Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен, мақтау қағаздарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Турнир өте жоғары деңгейде өтті! Барлық командалар мықты дайындалған, ойындар қызу тартысқа толы болды. Мұндай жарыстар спортшылар үшін үлкен мотивация береді. ALMA CUP бізге тек жеңіске деген құлшыныс емес, жаңа достар, ерекше эмоциялар сыйлады. Ұйымдастырушыларға осындай керемет мүмкіндік үшін үлкен алғыс айтамын! Біздің команда үшін бұл үлкен жетістік, әрі қарай да биік белестерді бағындыруға дайынбыз, - деді ALMA CUP 2025 турнирінің жеңімпазы, ҚазСТА студенті Мұстажапқызы Гүлжанар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға