Жаңалықтар

Алкогольді аз-аздан ішу пайдалы ма?

Алкогольді сусындарды аз көлемде тұтыну денсаулыққа зиян емес, қайта керісінше оның пайдасы бар деген сөзді жиі естиміз. Бірақ бұл қаншалықты ғылыми расталған?
28.01.2015 10:57 12844

Алкогольді аз-аздан ішу пайдалы ма?

Алкогольді сусындарды аз көлемде тұтыну денсаулыққа зиян емес, қайта керісінше оның пайдасы бар деген сөзді жиі естиміз. Тіпті көптеген  зерттеулер бойынша, спирттік сусынды аз мөлшерде тұрақты тұтыну жүрек қан-тамыр ауруына шалдығу мүмкіндігін белгілі азайтады екен. Ең бастысы, түскі ас кезінде күніне жарты стақан шарап ішу адам өмірін ұзартады деген түсінік бар.     

Сол себепті әдетте адамдар алкогольдің өзімен емес, оның мөлшерімен, яғни маскүнемдікпен күресуге тырысады. Сондай-ақ, зерттеу жұмыстары спирттің сусындарды аз көлемде тұтынудың өзі қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екендігін ескертеді: агрессияның күшеюі, сүт безі рагы және алкогольге тәуелділік.  

Эллен Мейсон, кардиолог

«Аз көлемдегі алкоголь мен белсенді физикалық қозғалыс, шын мәнісінде, жүрек ауруларының қаупін азайтады. Алайда, спирттік сусынды шамадан тыс тұтыну оның осы пайдалы жағын жоққа шығарады... Дене шынықтыру жаттығулары алкогольге қарағанда жүрек пен бүкіл ағзаға көбірек пайда әкеледі.» Дерек көзі

Не себепті аз көлемдегі алкогольдің өзі қауіпті?

Спирттің сусындарды аз көлемде пайдалану халықтың бар-жоғы 15 % пайдалы, себебі олардың ағзасында СЕТР  генінің өте сирек кездесетін сирек түрі бар.  

Алкогольді сусынның пайдасы біржақты емес екендігі және ол адам генотипіне байланысты екендігі жайлы пікірлер 1995 жылдың өзінде-ақ айтыла бастады. Сол жылы Солтүстік Ирландия мен Франция тұрғындары арасынан 1236 адам іріктелініп, солардың арасында зерттеу жүргізілді. Зерттеу авторлары алкогольдің денсаулыққа әсері адамның генотипіне байланысты екенін байқаған.     

Содан бері осыған ұқсас зерттеуді Швециядағы Гетеборг университетінің жанындағы Сальгренск академиясының қызметкерлері жүргізді. Олар біршама адамды іріктеп алып, 2 топқа бөлді: ишемия ауруына (жүрек ауруының түрі) шалдыққан 618 адам және жалпы бақылау тобындағы 2921 адам. Бұл адамдардың барлығына: қандай алкогольдің сусын тұтынатыны, қаншалықты жиі ішетіні, темекі шегу-шекпеуі, бос уақытта не істейтіндігі, отбасылық жағдайы жайлы сұрақтар қойылды.  

Алкогольді аз-аздан ішу пайдалы ма?

«Болашақта адамдар тестілеуден өту арқылы алкогольдің ағзасына пайдалы не пайдалы емес екенін анықтай алады»

Қажетті мәліметтерді алғаннан кейін ғалымдар ағзасында СЕТР генінің ерекше түрі бар адамдарды іздей бастады. Өйткені мұндай адамдар үшін алкогольді сусынды аз көлемде тұтыну шындай-ақ жүрек қан-тамыр ауруларының қаупін азайтады екен. Сол себепті, келесі жолы, спирттік сусынды ішер кезде өзіңіздің қажетті гені бар 15 % жататыныңызды анықтап алғаныңыз жөн. Олай істемеген жағдайда, қандай көлемде болмасын, алкоголь сіздің денсаулығыңызға зиян. 

Даг Телле, эпидемолог

«Аз көлемде алкогольді тұтыну қажетті генсіз денсаулыққа пайдалы емес, дәл солай ағзаңызда белгілі бір қажетті геннің болуы да сізге көп көмектеспейді. Ал егер, осы екеуі бірігетін болса, жүрек ауруының пайда болу мүмкіндігі азаятыны рас. Егер біз осы жағдайды толығымен зерттей алсақ, болашақта тестілеу арқылы сіздің сол 15 % жататындығыңызды не жатпайтындығыңызды анықтай аламыз. Осылайша, кімге ішуге болады, кімге болмайды деп айтуға болады». Дерек көзі

P.S. Бұл мақала жариялау себебіміз, желтоқсан айы мейрамға толы және біздің елде мейрамдарда осы спирттік сусынды белсене ішу жиі кездеседі. Мейрамды атап өтемін деп денсаулыққа зардап келтірмейік!


Мақаланың түпнұсқасы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға