Жаңалықтар

Әлішер Ерғали Олимпиаданың ширек финалында қарсыласына есе жіберді

Әлішер Ерғали Олимпиаданың ширек финалында қарсыласына есе жіберді
Фото: t.me/olympickz/Сали Сабиров 10.08.2024 16:38 483

Еркін күрестен 97 келі салмақтағы спортшы Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасының ширек финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Отандық балуан ширек финалда  Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы Ахмед Тажудиновке (Бахрейн) есе жіберді. Төрешілер шешімімен есеп: Есеп: 2:14. 

ҰОК қазақстандық спортшы үшін Олимпиадада күресу мүмкіндігі әлі бар екенін айтты. Егер Тажудинов финалға шықса, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне қатысады.

Еске салсақ, Әлішер Ерғали бұған дейін Токио Олимпиадасында өнер көрсетіп, ширек финалда сүрінген болатын.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға