Жаңалықтар

«Алиса» енді қазақ тілінде сөйлейді

«Алиса» енді қазақ тілінде сөйлейді
Фото: © Pixabay.com 09.12.2023 12:14 852

Астана қаласында «Яндекс. Алиса» дауыстық көмекшісінің қазақ тіліндегі тұсаукесері өтті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Шараға ҚР Ғылым және жоғары білім, Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің және оларға ведомстволық бағынысты мекемелердің өкілдері қатысты.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки компанияның Қазақстанда мемлекеттік тілді дамытуға қосып отырған үлесі үшін «Яндекс Казақстан» өкілдеріне алғысын білдірді.

Бұл жоба осы жылдың қараша айында ғана іске қосылды, соған қарамастан «Яндекс.Алиса» сервисіне әр бесінші пәрмен қазақ тілінде берілуде. Дауыстық көмекші қоғамымыздағы тілдік жағдайға оң әсер ететініне және инклюзия мәселелерін шешуге көмектесетініне сенімдімін, - деп атап өтті Дархан Ахмед-Заки.

Қазақстандағы «Іздеу» сервисін дамыту бойынша директор Александр Поповский дауыстық көмекшінің мүмкіндіктері жайлы айта келіп, «Яндекс Қазақстан» қолданушылардың өмір сапасын жақсартуға, елімізде цифрлық ортаны дамытуға бағытталған қызметтерін бұдан әрі де қазақ тілінде жетілдіретінін жеткізді.

Бүгінде компанияның «Яндекс. Аудармашы», «Яндекс. Навигатор», «Алиса орнатылған Яндекс браузері» (видеоны дыбыстау және субтитрлеу), «Яндекс. Іздеу» тәрізді көптеген қызметтері қазақ тілінде қолжетімді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға