Алимент төлмеген 4 әке қылмыстық жауапкершілікке тартылды
![Алимент төлмеген 4 әке қылмыстық жауапкершілікке тартылды Алимент төлмеген 4 әке қылмыстық жауапкершілікке тартылды](/storage/storage/element/2024/12/31/mainphoto/136122/1200xauto_BZqNIgSNa23GlQiDIFWZ5h86daRKpTTnwYBPD5OL.jpg)
Фото: elements.envato.com
Фото: elements.envato.com
31.12.2024 14:27
508
Қызылорда қаласының прокуратурасы алимент бойынша қарызы бар борышкерлердің букмекерлік кеңселерде қыруар қаражатқа бәс тігіп жүргенін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл 135 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 4 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған.
Мысалы, бір борышкердің балаға төленетін алименті бойынша қарызы 5,2 млн теңгені құрағанымен, ол 2 млн теңгеге жуық қаражатты «Олимп» букмекерлік кеңсесінде ұтылғаны белгілі болды.
Аталған борышкерге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 139-бабымен қылмыстық іс тіркеліп, алимент қарызын толық өтегеннен кейін жәбірленушімен татуласып, ақталмайтын негіздермен қылмыстық іс тоқтатылды.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Келесі жаңалық
Былтыр елімізде қанша сәби дүниеге келген