Жаңалықтар

Алимент төлемеген ер адам ата-ана құқығынан айырылды

Алимент төлемеген ер адам ата-ана құқығынан айырылды
Фото: ©El.kz 01.03.2025 16:02 111

Астанада сот 4 миллион теңгеден астам алимент қарызы бар ер адамды ата-ана құқығынан айырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ювеналды сотта қаралған іс бойынша ер адам баласына қамқорлық көрсетпеген, материалдық қамтамасыз етпеген және оның тәрбиесіне араласпаған.

Сот процесінде анықталғандай, әкесі ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген; 20 жылдан бері құмар ойынға тәуелді; ұлының өміріне араласу ниеті жоқ екенін мойындады.

Сот психологының зерттеуіне сәйкес, бала да әкесімен араласуға құлықсыз екенін білдірген.

Сот ер адамды ата-ана құқығынан айырды, алайда бұл оны баласына алимент төлеу міндетінен босатпайды. Ер адам бұрынғыдай қаржылық жауапкершілігін орындауға тиіс. Шешім заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға