Алимент төлемеген 3 мыңға жуық борышкер жауапкершілікке тартылды – министрлік

29.09.2023 12:57
1040
2023 жылдың 6 айында алимент төлеу бойынша сот актілерін орындамағаны үшін 2861 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 7219 борышкерге елден шығуға уақытша тыйым салынды. Бұл туралы Әділет министрі Азамат Есқараев айтты.
Алимент өндіру бойынша барлық проблемалық атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушылар мәжбүрлеу шараларын қолданады. Кейбір жағдайларда борышкердің тұрақты табысы мен мүлкінің болмауына байланысты алимент өндіру қиынға соғады, - деді ол.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстанға заңсыз әкелінген iPhone 15 смартфондары тәркіленді
Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды